Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаладағы шектеу шараларына байланысты жаңа қаулысы шықты. Қаулыда эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты карантиндік шектеулер жеңілдетілгені айтылған. Жаңа қаулыға сәйкес, ASHYQ жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, ASHYQ жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылған.