Головкиннің әлем чемпионымен жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Головкиннің әлем чемпионымен жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Фото: prosports.kz
129
оқылды
Британдық боксшы Крис Юбэнк (30-2, 22 КО) жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жегі қашан өтетінін айтты.  "Бұл жекпе-жек алдағы он екі айдың ішінде өтеді", – деді Юбэнк. Бұған дейін орта салмақтағы WBA "уақытша" чемпионы Головкинмен рингте сәл ертерек кездесуді жоспарлап отырғанын айтқан: алты-тоғыз ай ішінде, – деп жазады Sports.kz. Геннадийдің жоспарларына келетін болсақ, ол желтоқсанда WBA-ның "тұрақты" чемпионы, жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жек өткізбек.