Мектептерді «миналағандар» іздестірілуде
Мектептерді «миналағандар» іздестірілуде

Ақтөбеде 5 білім ордасына бомба қойыл­ғаны туралы жалған ақпарат таратқандар анықталып жатыр. 2 қыркүйек күні таңғы сағат 07.20 шамасында, сабақ басталар қар­­саңын­да Ақтөбе қаласындағы №1, 2, 21, 22 және 56 орта мектептердің электронды пош­таларына олардың ғимараттарына бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Осыған орай барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шықты. Дереу ғимараттарды жарылғыш құрылғылардың болуына тексеру ұйымдастырылды. Оқу орын­дарында оқушылар болған жоқ. Жарылғыш құ­рылғылар табылмады. Полиция департаменті анонимді хабарламалардың авторын іздеуге және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көз­дейді. Айтқандай, 1 күн бұрын ұқсас хабарламалар Ақтөбе қаласының 6 оқу орнының электронды  мекенжайына түскен, онда да абырой болғанда, жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.

Елдос СЕНБАЙ