Президенттің Жолдауы – бұл мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық жоспары. Бұл жоспардан қоғамның әр мүшесі өзінің болашағына бағдар және міндеттеме алады.
Жолдаудың атауы ұнады – «жұдырықтай жұмылып іске кіріссек мақсатымызға жетеміз» деп тұр. Олай болса, кірісейік. Біріншіден, әрқайсымыз «Жолдаудың орындалуы маған не береді?» деген сұраққа жауап іздейміз. Ол Президенттің 5 бастамасында айқын көрсетілген (төменгі жалақының көтерілуі, салалық еңбекақылардың өсуі, зейнетақы қорынан қаржы қолдану мүмкіндігі т.б.). Екіншіден, «Жолдау орындалу үшін мен не істеуім керек?» деген сұраққа да жауап берейік. Мен, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің атынан «біз не істеуіміз керек?» деген сұраққа жауап іздедім. Алдымызда келесі міндеттер тұр екен: – жауапкершілігі мықты, отаншыл, спортпен шұғылданатын, денсаулығы мықты ұрпақ өсіру; – қазақ тілін білетін азаматтарды тәрбиелеу; – балаларымызды мамандық таңдауда ғылымға, педагогикаға, медицинаға, энергетика, ауыл шаруашылығына, IT технологияларына бағыттау; – білім мен біліктілік арқасында өз еңбегімен табыс табуды (масылдықтан арылу) үйрету; – тамырынан нәр алған немесе өз ұлтының тарихын, салт-дәстүрін, діни негізін білетін, болашақта ақсақал деген ұлы атаққа ие болатын ұл, ел анасы болатын қыз тәрбиелеу; – алауыздыққа бармайтын, ұлылығымен үлгі болатын, достықты ұлықтайтын, үлкенге іні, кішіге пана болатын азаматтарды қалыптастыру. Бұл ең алдымен, ұлтына, дініне қарамастан, әр отбасының, әр ата-ананың қоғам алдындағы міндеті, жолдаудың тиімді орындалуына қосатын үлесі. Ел Президенті бағдар беріп, болашағымызбен таныстырды. Ол жоспардың тиімді орындалуы экономикамыздың тұрақтылығына, әлеуметіміздің өркендеуіне және ең басты-сы біздің қоғамның ауызбіршілігіне, бекем бірлігіне байланысты. Мақсатымыз – мықты, әділ әрі озық мемлекет құру. Олай болса, сол мемлекетті құратын, басқаратын, алға бастайтын болашақ ұрпақ біздің үйімізде, аналар.Назипа ШАНАИ, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымымы