Түркияда «Томирис» фильмінің тұсаукесері болды

Түркияда «Томирис» фильмінің тұсаукесері болды

31 тамызда Түркияның Стам­­бұл қаласында «Томирис» фильмінің тұсаукесері өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған тұсау­кесерге Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы мен Стамбұлдағы бас консулы Әлім Байел, Түркияның саясаткерлері, жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Фильм көрсетіліміне туынды режиссер Ақан Сатаев пен басты рөлді сомдаған актриса Альмира Тұрсын да келген. Сондай-ақ Стамбұлдағы қазақ диаспорасы да «Томирис» фильмін ықыласпен қабылдаған. Аталған туынды 3 қыркүйектен бастап Түркиядағы 200-ден астам кинотеатрда көрсетіледі. Оның үстіне, Томирис ханшайым күллі түркіге ортақ тұлға болғандықтан, Түркия жұртының фильмге қы­зығушылық танытары анық. Премьера барысында Қазақ­станның Стамбұлдағы бас консулы Ә.Байел «Томирис» кинокар­тинасының Түркияның мәдени өміріндегі үлкен оқиғаға айналып, бауырлас халықтарды одан сайын жақындата түсерін алға тартты. Сондай-ақ тәуелсіздікке арналған мерекелік іс-шаралардың жалғаса­тынын айтты.

  А.АЙБЕЙКЕ