«Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Ғұсманның қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті. Партия басты мақсат ретінде халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту жолында жұмыс атқарылып жатыр. Бұл орайда тұрғындардың өтініші мен мұң-мұқтажын тыңдап, шешу жолдарын қарастырған жөн.
Тұрғындардың арызы негізінде өткен басқосуға «Nur Otan» партиясы АҚФ жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Нұрсұлу Сейдалиева, партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Айда Балқашбайқызы да қатысты. Бүгінде қаладағы 28 шағын ауданның 28 және 29-тұрғын үйлерінде ауызсу мәселесі шешілмей тұр. Бұдан бөлек 13 шағынаудандағы 35 және 36-үйдің тұрғындары төселіп жатқан жолдарға көңілі толмайтынын айтып отыр. Көтерілген шаң-топырақ балалардың денсаулығына зиянын тигізе ме деп қауіптенеді. Бұған қоса қала тұрғындары қоқыстың шашылып, уақытында жиналмауына байланысты партияға өтініш айта келіпті. Қоғамдық қабылдау барысында қала әкімінің орынбасары Серік Гұсман бұл мәселені «Nur Otan» партиясы АҚФ жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы өз құзыретіне алып, жауапты мердігер мекемелермен бірлесіп қайта мониторинг жүргізуді ұсынды. Яғни, ауызсу мәселесіне байланысты партия филиалы жауаптыларға міндет жүктеп, ескерту жасамақ. Ал сапасыз жолдар мен қаладағы қоқысқа қатысты алдағы уақытта арнайы тексеріс жүргізілмек. Қоғамдық қабылдаудың жиі өткізіліп тұруы халық үшін өте маңызды. Себебі тұрғындар өздерін мазалаған сұрақтарына заң тұрғысынан нақты жауап алуға мүмкіндік туады. Алдағы уақытта да азаматтардың мәселелері бойынша кездесулер өтпек. Одан бөлек қазір Маңғыстаудағы қуаңшылық мәселесі де өзекті күйде болып отыр. Бұл тұста елге көмек етемін деген ниеттегі азаматтар әрекет етіп жатыр. Жуырда «Nur Otan» партиясының қолдауымен өңірдің белсенді тұрғыны Бердімұрат Төрекенов Батыс Қазақстан облысынан Сайөтес ауылы мен Сайөтес әкімдігіне қарасты Боздақ ауылына 10 вагон шөп алдыртты. Дегенмен жалпы салмағы 104 тонна шөпті тасымалдау кезінде азамат біршама қиындықтарға тап болғанын айтады. Әсіресе, теміржолмен тасымалдау жағы қолдауға зәру екен. Сол себепті еріктілер 10 вагон шөптің жартысын Сайөтес ауылына жеткізген. Ал Боздақ ауылындағы 14 отбасыға мал азығы үлестірілген. Сондай-ақ еріктілер өңір тұрғындарына арзан бағамен шөп жеткізу үшін де қамданып жатқан көрінеді. Әрқайсысы 280-300 келі болатын шөбін тұрғындарға тиімді бағада үлестірмек.М.ЖАЛҒАСҰЛЫ