Алты ақбөкен атып алған тұрғын ұсталды
Алты ақбөкен атып алған тұрғын ұсталды
Фото: twitter.com
163
оқылды

Полиция департаменті жергілікті полиция қызмет басқармасының Табиғат қорғау полиция тобының инспекторлары, Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі және «Охотзоопром» мекемесі қызметкерлері рейд жүргізген болатын.

Рейд барысында «Құмкөл» тас жолы бойында Nissan Patrol автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында жүк салғыштан 6 ақбөкен жануарының өлі денесі табылды.

«Күдікті ретінде ұсталған азаматтан бір ұңғылы, 12-калибрлі аңшы мылтығы, атылмаған 12 калибрлі 93 дана патрон және аңшы пышағы тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», – деді полицей.