Мотоцикл жүргізушісі 8 жастағы оқушы қызды қағып кетті
Мотоцикл жүргізушісі 8 жастағы оқушы қызды қағып кетті
Фото: yandex.kz
167
оқылды

Сегіз жастағы қыз алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Оқиға Ғабит Мүсірепов ауылында болған.

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелет жасқа толмаған мотоцикл жүргізушісі оқушы қызды қағып кетті. Алған жарақаттан қыз көз жұмды.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Айтбаев: «16 жастағы жасөспірім мотоцикл руліне ие бола алмай 8 жастағы қызды қағып кетті. Оқушы алған жарақаттан ауруханада көз жұмды», – дейді.

Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы (абайсызда адам өліміне алып келген жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.