Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ Алматы әуежайына қайта қонды
Қозғалтқышы істен шыққан ұшақ Алматы әуежайына қайта қонды
310
оқылды
«Алматы- Семей» бағытында ұшқан ұшақ қозғалтқышы істен шығып, әуежайға қайтып келіп қонды, - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.   Семей бағыты бойынша санитарлық рейс жасаған ұшақтың қозғалтқышы істен шықты.
«Бүгін, 3 қыркүйекте түскі сағат 11:12-де Алматы – Семей бағыты бойынша ұшып бара жатқан EastWing әуекомпаниясының EWZ1149 ЯК – 40 санитарлық рейсі апат дабылын қақты. Бұған себеп – сол жақ қозғалтқыштың істен шығуы. Ұшақ ұшу аэродромына сағат 11:17 сәтті қонды», - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, ұшу кезінде әуе кемесінің бортында екі дәрігер мен 5 экипаж мүшесі болған.