Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы шықты
© РИА Новости / Илья Питалев
155
оқылды
Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.  Облыстардың, Алматы, Нұр-Cұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалар: 1) мынадай ұйымдардың/объектілердің: қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығының объектілері, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар, сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, кір жуу орындары, фитнес, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар, типографиялық көрсетілетін қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқ киім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқ киім, киім жөндеу, ұйымдастыру техникасын жөндеу жөніндегі сервис, нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызметтерді көрсету жөніндегі объектілер, өзге де объектілер); халық тұтынатын өнімдердің және тауарлардың көтерме және бөлшек саудасы (сақтау) объектілерінің, оның ішінде базарлардың, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, дүкендердің, шағын маркеттердің, супермаркеттердің, гипермаркеттердің; мәдениет және демалыс объектілерінің (музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары); халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалар); жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың, әуежайлардың, теміржол, автомобиль және су вокзалдарының, өзен және теңіз порттарының, автостанциялар/автоөтпе жолдарының, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің; білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтарының (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдардың; санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы объектілердің (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар); қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын объектілердің, стрит-фудтардың; барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік объектілердің (қарттар, мүгедектер үйлері, сәбилер үйлері және басқалары); денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде зертханалардың; дәріхана ұйымдарының; тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық объектілерінің (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары); экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдардың; демалыс объектілерінің, ойын-сауық ойын объектілерінің (компьютерлік клубтар, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар); байланыс және телекоммуникация объектілерінің COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды алмаған (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) жұмыскерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді; 2) осы қаулының 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін міндетті түрде ПТР-тестілеуді (7 күнде 1 рет) қамтамасыз етсін; 3) осы қаулының 5-тармағының 1) тармақшасына енгізілмеген ұйымдардың/объектілердің COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлері (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеу туралы шешімді қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі өңірлік жедел штабтар қабылдайды.