Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жарылыс кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен 34 жастағы сарбаздың анасы үндеу жасады, - деп хабарлады Aibat жаңалықтар қызметі.
«Үйде аяғы ауыр келіншегі мен 4 баласы, әке-шешесі мен бауырлары күтіп отыр. Көрген білген адам болса, хабарлассын. Жамбыл облысының Байзақ ауданы Базарбай ауылына әкелсеңіздерші!», - дейді зар жылаған ана Фатима Ағыбетова.34 жастағы сарбаз Бауыржан Дәуітбаев осы әскери бөлімде жұмыс істеген. Бұған дейін сарбаздың іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.