Биатлон & триатлон: Қазақстан құрамасының триумфалды жеңісі
Биатлон & триатлон: Қазақстан құрамасының триумфалды жеңісі
278
оқылды

Қазақстан құрамасы биатлоннан және триатлоннан өткен әлем чемпионатында 21 медальге қол жеткізіп, жеңіспен елге оралды.

24-30 тамыз аралығында Германияның Вейден қаласында биатлон және триатлон бойынша әлем чемпионаты өтті. Биатлон мен триатлон спорт түрі қазіргі бессайысты танымал ету, спорттың бұқаралығы мен қолжетімділігін арттыру үшін құрылған болатын. Бұл спорт түрі су қоймасының немесе теңіздің жағасында, ашық жерде өткізіледі, жүгіру, жүзу және ату сияқты спорт түрлерін қамтиды. Сайысқа Қазақстан құрамасы атынан 12 спортшы қатысты. Олар медаль үшін күресте жекелей және эстафета-микс бойынша өнер көрсетті. Биатлон Біріншіліктің қорытындысы бойынша біздің спортшылар барлығы 21 медаль (4 алтын, 9 күміс, 8 қола) жеңіп алды. Бұл біздің команданың 2017 жылдан бастап биатлон мен триатлоннан өткен әлем чемпионатындағы ең сәтті өнер көрсетуі. – Биылғы әлем чемпионаты Германияның көне шаһарларының бірінде, әсем көлдің аумағында өтті. Ауа-райы қолайсыз болса да ұйымдастырушылар спортшыларға мейлінше жағдай жасауға тырысты. Халықаралық федерацияның Президенті Клаус Шорман біздің спортшыларымыздың дайындығын ерекше бағалады. Шәкірттерімнің ерен еңбегі арқасында біз бірнеше медаль жеңіп алдық, – деді бас бапкері Юрий Соловьев. Биатлон