Қазақстан құрамасы биатлоннан және триатлоннан өткен әлем чемпионатында 21 медальге қол жеткізіп, жеңіспен елге оралды.
24-30 тамыз аралығында Германияның Вейден қаласында биатлон және триатлон бойынша әлем чемпионаты өтті. Биатлон мен триатлон спорт түрі қазіргі бессайысты танымал ету, спорттың бұқаралығы мен қолжетімділігін арттыру үшін құрылған болатын. Бұл спорт түрі су қоймасының немесе теңіздің жағасында, ашық жерде өткізіледі, жүгіру, жүзу және ату сияқты спорт түрлерін қамтиды. Сайысқа Қазақстан құрамасы атынан 12 спортшы қатысты. Олар медаль үшін күресте жекелей және эстафета-микс бойынша өнер көрсетті.