Алматы қаласының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қыркүйек-қазанға арналған коронавирус бойынша жаңа болжамын жариялады.
«Болжам екі апта бұрын жасалды. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай соған сай келеді. Қыркүйек айының басында бір тәулікте 1 300 адам індет жұқтырды. Қазір 1 058, кеше 1 287 науқастан анықталды. Біз қыркүйекте 500-600 жағдайға дейін төмендейді деп күтеміз. Қазанда жаңа мутацияланған штамм болмаса, 100-200 жағдайға дейін төмендеуі керек», – деді Жандарбек Бекшин.Бұған дейін Жандарбек Бекшин қалада вирус жұқтырғандар саны азайғанын айтқан болатын.