Нұр-Сұлтанда БТР жеңіл көлікке соғылды
Нұр-Сұлтанда БТР жеңіл көлікке соғылды
Фото: Inform.kz
Нұр-Сұлтанда жол қиылыстарының бірінде БТР жеңіл көлікке соғылды.Ақпаратты қалалық полиция департаменті растаған.
"Биыл 1 қыркүйекте сағат 7.35-те Нұр-Сұлтан-Қарағанды ​​тасжолы мен Армандастар көшесінің қиылысында Nissan Almera автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі патрульдік полицияның бастауымен келе жатқан 82-А БТР техникасына жол бермеуі салдарынан жол көлік оқиғасы болды. Көліктердің арнайы дыбыстық белгісі қосылған", - деді департаменттегілер.
https://www.youtube.com/watch?v=LrTU0cf5Zi0 Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Nissan Almera автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалған.