Алматыда автотұрақтан өрт шықты
Алматыда автотұрақтан өрт шықты
Фото: tengrinews.kz
Алматыда қараусыз қалған автотұрақ өртенді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 қыркүйек күні сағат 16:56 шамасында Бостандық ауданы Рысқұлбеков көшесі, 35 мекенжайында автотұрақ өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.
«Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде қараусыз қалған тұрақта құрғақ ағаштар, қоқыстар мен ескі автодөңгелектердің жанып жатқаны белгілі болды. Дереу өрт оқпандары бағытталып, автоцистерналар гидранттарға орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді»,- деп мәлім етті департаменттен.
Өрт сөндіру жұмыстарына 3 бірлік техника мен 13 маман жұмылдырылған. Жалын 40 шаршы метр аумақты шарпыды.