17 қазаннан бастап отандық лоукостер FlyArystan Шарджаға (БАӘ) Нұр-Сұлтаннан, Алматыдан, Шымкенттен және Ақтаудан рейстер ашады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz тілшісі.
Тұрақты әрі чартерлік рейстер Шарджа халықаралық әуежайына орындалатын болады, билеттің ең төменгі құны бір бағытта ұшу үшін 39 999 теңгеден басталады. Әр қаладан ұшу тұрақтылығы - аптасына 3 рет, Алматыдан ұшу жиілігі апта сайын 5 есеге дейін артуы мүмкін.- Алматы - Шарджа - Алматы. Құны - 59 999 теңге.
- Ақтау - Шарджа - Ақтау. Құны - 39 999 теңге;
- Шымкент - Шарджа - Шымкент. Құны - 39 999 теңге.
- Нұр-Сұлтан - Шарджа - Нұр-Сұлтан. Құны - 59 999 теңге.
"Араб Әмірліктері - көптеген қазақстандықтардың сүйікті демалыс орны. Күзгі-қысқы кезеңде Парсы шығанағының құмды жағажайлары керемет демалыс сыйлайды, ал сауда бойынша әлемдегі мықтылардың бірі. Қазақстанның 4 қаласынан тікелей рейстердің пайда болуымен демалыс қолжетімді болады, өйткені бұрын мұндай арзан ұсыныстар болған жоқ. FlyArystan тек ішкі бағыттарға ғана емес, сонымен қатар минималды тарифтер мен жайлы шарттар бойынша түрлі халықаралық әуе қатынастарын ұсынуға тиімді ұсыныстармен қуантуға дайын", - деді лоукостердің желілік жоспарлау жөніндегі директоры Ренат Әбілханов.