Алматыда үйдің кіреберінде баланы ұрған ер адам анықталды. Оқиғаның видеосы желіде тарады. Бейнежазбадан подъездке кірген ер адам баланы басынан ұстап, ұрып жібергені көрінеді. Бұл оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов түсініктеме беріп, 55 жастағы адам ұсталғанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша дене жарақатын алған баланың анасынан арыз келіп түсті. Ол 1 қыркүйек күні подъездің кіреберісінде 10 жасар баласын ұрып, дене жарақатын салған ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады», — деді Р. Абдрахманов.