Алматыда даяшыға былапыт сөз айтқан тұрғын кешірім сұрады
Алматыда даяшыға былапыт сөз айтқан тұрғын кешірім сұрады
Сурет: Tengrinews.kz
118
оқылды

Алматы полициясы даяшыға былапыт сөз айтқан тәртіп бұзушыларды анықтады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов Instagram-парақшасында жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық кафелердің бірінде келушілердің заңсыз әрекеті түсірілген видео бірнеше күн бұрын Қазнетте пайда болған еді. Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер айтылады. 

"Біз тексеріс жүргізіп, тәртіп бұзушыларды анықтадық. Олар 03.01.1982 жылғы және 08.02.1981 жылғы тұрғындар болып шықты. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады", – деді Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Кафедегі оқиғаға қатысушылардың бірі көпшіліктен кешірім сұраған. Әбдірахмановтың айтуынша, бұл заңда көзделген жауапкершіліктен босатпайды.

"Мен бәрінен кешірім сұрағым келеді. Бұл енді қайталанбайды", – дейді видеодағы ер адам.