2021 жылдың бірінші жарты жылдығында шаштараз бен сұлулық салондары 16,5 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл 80,9% көп. Өткен жылмен салыстырғанда олардың қызметі 8% қымбаттаған. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.
Еске салсақ, өткен жылы Covid-19 пандемиясына байланысты шаштараз бен сұлулық салондарының қызметтері 9,1 млрд теңгеге қысқарды. Ауылдық жерлердегі осы сектордағы қызметтер 2 есе өсіп, 898 млн теңгеге жетті. Бұл да рекордтық көрсеткіш болып саналады. Ақылы қызметтер бағасы:- 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында – 4,6% өсті, бұл соңғы 3 жылдағы ең жоғары көрсеткіш;
- 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында – 7,5% өсті, бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
- Алматы қаласында әйелдердікі – 3 780 теңге, ерлердікі – 2 846 теңге;
- Нұр-Сұлтанда әйелдердікі – 3 734 теңге, ерлердікі – 2 123 теңге.