Оралда екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 5 қыркүйек күні шамамен сағат 11.30-да Жәңгір хан көшесі бойында болған.
«Ауди» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, қарсы бетке шығып кеткен. Соның салдарынан «Ниссан» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысты. Жол апатынан «Ниссан» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі жансақтау бөліміне жеткізілді.