Алматыда тау бөктерінен өрт шықты
Алматыда тау бөктерінен өрт шықты
166
оқылды
Алматы маңындағы тау бөктерінде қураған ағаштар өртеніп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ТЖД мәліметінше, 5 қыркүйекте сағат 16:05-те Медеу ауданындағы Думан ықшамауданы, Аман Бөктер көшесі 46-үй маңында қураған ағаштар өртеніп жатқаны анықталған. Өрт сөндіру бригадасы дереу оқиға орнына барды. Оқиға орнына жеке құрамнан 25 адам, 5 техника, табиғи өртті сөндіруші жиынтық жасақ қосымша жіберілген.