Қазақстан құрамасының ойыншысы әлем чемпионатына іріктеу матчтарының үздік ойыншысы атанды
Қазақстан құрамасының ойыншысы әлем чемпионатына іріктеу матчтарының үздік ойыншысы атанды
Фото: now-news.ru
119
оқылды

УЕФА-ның ресми сайты FedEx-пен бірге 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің төртінші кезеңіндегі үздік ойыншыларды атады, – деп хабарлайды Sports.kz. Украина құрамасымен өткен ойында (2:2) дубль жасаған Қазақстан құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин соңғы кездесулердің қорытындысы бойынша үздік футболшы деп танылды. Екінші орында швециялық жартылай қорғаушы Виктор Классон, үшінші орында  Босния және Герцеговина шабуылшысы Эдин Джеко орналасқан.  2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде өткен төрт матчтан кейін Қазақстан құрамасының екі ұпайы бесінші орынға жайғасты.