Алматыда мейрамхана өртенді – видео
Алматыда мейрамхана өртенді – видео
Фото: видеодан скриншот
173
оқылды
Өрт ғимараттың жартысына жуығына жайылған. «5 қыркүйекте сағат 17.26-да Алматы облысы ТЖД-ға Алматы облысы Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында мейрамхана өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт 18.13-те ауыздықталып, 19.09-да 500 шаршы метр аумақ сөндірілді (құрылыстың жалпы ауданы  – 1320 шаршы метр, екі қабатты)», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт болған кезде мейрамханада келушілер болмаған. Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД және Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды.