Жазғы Паралимпиада ойындары салтанатты түрде жабылды
Жазғы Паралимпиада ойындары салтанатты түрде жабылды
Фото: prosports.kz
258
оқылды
Жапония астанасы Токиодағы  Жазғы Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Биыл Паралимпиада ойындарына  әлемнің 162 мемлекетінен 4 400-ге жуық спортшы қатысты. Олар 22 спорт түрі бойынша өнер көрсетіп, 539 медаль жиынтығын сарапқа салды. [caption id="attachment_159621" align="alignnone" width="1280"]Паралимпиада ойындары Фото: YouTube[/caption] Еліміздің атынан 26 спортшы спорттың 7 түрі бойынша сынға түсіп, ел қоржынына 1 алтын, 3 күміс, 1 қола медаль салды. Олардың ішінде  Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) чемпион атанса, пара дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс алды. Суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола жүлде иегері атанды.