Қазақстандық файтер дебютінде қарсыласымен тең түсті
Қазақстандық файтер дебютінде қарсыласымен тең түсті
Фото: instagram.com/uae_warriors
147
оқылды
Аралас жекпе-жектен (ММА) қазақстандық файтер Әли Қабдулла (6-0) UAE Warriors промоушені аясында дебютін өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы. Әлидің қарсыласы Нидерланды өкілі Ярно Эрренс болды. Абу-Дабиде (БАӘ) өткен жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды. Қабдулла алты кездесуінде жеңіске жетіп, бір мәрте тең түсті.
Кейінірек қазақстандық боксшы Әли Қабдулланың мүддесін қорғайтын Tobet top team клубының негізін қалаушы Диас Кабдуов Азиядағы танымал промоушен UAE Warriors-тегі жекпе-жек нәтижесіне наразы болды.
Ол Instagram-парақшасына қазақстандықтың қарсыласы кез-келген раунд нәтижесі бойынша жеңіске лайық емес екенін жазып, жазба жариялаған.