6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: sputnik.kz
109
оқылды

Бүгін батыс, солтүстік-батыста найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Еліміздің қалған аумақтарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, батыста бұршақ жауады. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай, бұршақ, күндіз найзағай кезінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай, күндіз солтүстік-батысында желдің 15-20 м/с күшеюі, шаңды дауыл күтіледі. Атырау облысының батысында, оңтүстік және орталығында найзағай, күндіз найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Күндіз Жамбыл, Солтүстік-Қазақстан облыстарының солтүстік-шығысында, Түркістан облысының солтүстігі және батысында, Қарағанды облысының орталығында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі мүмкін. Күндіз Алматы облысында қатты ыстық күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында және оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының батыс және оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.