Бүгіннен бастап астанада автобус жолағы уақытша алынады
Бүгіннен бастап астанада автобус жолағы уақытша алынады
Фото: astana.gov.kz

Өзгеріс Сығанақ көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі әуежай бағытындағы учаскеге ғана енгізіледі.

Bus Lane жолағын уақытша алып тастау туралы шешімді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі көшелерде қозғалысты жақсарту үшін, сондай-ақ оқу жылының басталуына және кейіннен елорда көшелеріндегі автомобиль трафигінің ұлғаюына байланысты қабылдады. Осы учаскедегі Bus Lane жұмысы бірқатар ірі инфрақұрылымдық шешімдер енгізілгеннен кейін қалпына келтіріледі. Оның бірі – Ш.Айтматов баламалы көшесінің құрылысын аяқтау. Ескерер жайт, Тұран даңғылындағы Керей Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін «Хан Шатыр» СОО бағытында Bus Lane жолы өзгеріссіз қалады. Елорда тұрғындары мен қонақтарын маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Ол үшін Yandex картасы, 2GIS ыңғайлы мобильді қосымшалары бар. Сондай-ақ, қала көшелерінде тұрақты маршруттық автобустар қозғалысының басымдылығын есте ұстаған жөн.