Қазақстанда бір аптада қанша қылмыс ашылды?
Қазақстанда бір аптада қанша қылмыс ашылды?
Фото: adilettv.kz
139
оқылды

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, бір аптада 3 012 қылмыс тіркелді.

«Бір аптада 3 012 қылмыс тіркелді. Оның 2 040-ы тәулік ішінде ашылды», – деді Нұрділдә Ораз.

Полицейлер 5 кісі өлтіру дерегін, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 1 қарақшылық, 36 тонау және 452 ұрлықты ашты.

Бұған дейін Бурабайда төрт әйелді өлтірген күдіктінің сотталғанын хабарлаған болатынбыз.