Қан мен зәр талдауы, дәрігер қабылдауы: емхана қызметтері қанша тұрады, қайда арзан?
Қан мен зәр талдауы, дәрігер қабылдауы: емхана қызметтері қанша тұрады, қайда арзан?
Фото: Іnbusiness.kz
466
оқылды

Биыл шілдедегі баға бойынша Қазақстанда дәрігердің алғашқы қабылдауының құны бір жылда 7,3% қымбаттаған, стоматология қызметі 5,6%, зертхана мен рентгенге түсу қызметі 3,3% қымбаттаған. Еnergyprom.kz Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, емхана қызметтерінің бағасын көрсеткен.

Қазақстанда емхана қызметтерінің бағасы бір жылда 6%-ға өскені анықталды. Биыл шілдеде Қазақстанда дәрігерге қаралу орта есеппен 3529 теңге болды. Дәрігердің алғашқы қабылдауы ең қымбат өңір - Алматы (4624 тг. Кейінгі орындарда Шымкент пен Орал тұр. Ең төмен баға Түркістанда болды - 2129 теңге.   Ал ел бойынша іш қуысын УДЗ-ге түсіру орта есеппен 4041 теңге болды. Ең жоғары баға Алматыда тіркелді - 5128 теңге. Одан кейін Нұр-Сұлтан (4574 тг.) тұр. Ал ең төмен баға Оралда болды - 2554 теңге. Жалпы қан талдауының құны елде орта есеппен 1225 теңге болды. Ең жоғары баға Өскеменде болған - 1484 теңге. Ең төмен баға Талдықорғанда тіркелді - 716 теңге. Жалпы зәр талдауы Қазақстанда орта есеппен 729 теңге болды. Ең қымбаты Шымкентте (878 тг.), ең арзаны Талдықорғанда (592 тг.) тіркелді.

Емхана қызметінің бағасы (шілде, 2021 ж., теңге)

Дәрігердің алғашқы қабылдауы

Іш қуысы УДЗ (УЗИ)

Жалпы қан талдауы

Жалпы зәр талдауы

Қазақстан

3529

4041

1225

729

Нұр-Сұлтан

4198

4574

1427

763

Алматы

4642

5128

1253

761

Шымкент

4460

3803

1128

878

Ақтау

3884

5144

936

772

Ақтөбе

2629

2703

1313

756

Атырау

5285

3795

1295

732

Қарағанды

3164

4977

1354

729

Көкшетау

3740

2836

1397

760

Қостанай

3743

3991

1332

732

Қызылорда

2972

3324

1307

729

Павлодар

3998

4508

1254

697

Петропавл

3238

4232

1313

815

Семей

2446

3229

1252

687

Талдықорған

2513

3468

716

592

Тараз

2964

3438

1409

710

Түркістан

2129

3350

1236

700

Орал

4262

2554

1256

761

Өскемен

3151

4144

1484

732