Басқарманың баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың мәліметінше, оқиға 4 қыркүйек күні №3 орта мектепте болды.
Облыстық Білім басқармасының хабарлауынша, мектепте 3 қыркүйек күні бақылаудың болмауына байланысты 2-ауысымда оқитын 7-сынып оқушылары үзіліс кезінде бактериацидтік шамды рұқсатсыз қосып, зақым алған, – деп жазды іnform.kz.«Облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 8 оқушы жүгінген. Сондай-ақ 2 балаға жедел жәрдем көлігі шақырылған. Барлығы 10 баланың көзіне зақым келген. Оларға көздің қасаң қабығының жеңіл дәрежедегі күйігі деген диагноз қойылды», – деді басқарма өкілі.
Ата-аналар полицияға шағымданбаған.«4 қыркүйек күні оқушылар көзінің ауруына байланысты шағымданған. Барлық бала дәрігерлік тексеруден өтті. Жағдайлары қалыпты. Осы оқиғаға байланысты барлық білім беру мекемелеріне қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауға алу тапсырылды», – деп хабарлады Білім басқармасының баспасөз қызметі.