Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Рақымұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін бұрынғы Қорғаныс министрі отставкаға кетіп, жаңадан Мұрат Бектанов министр болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.