Оралда жалған вакцинация паспортын жасауға тапсырыс берген кімдер?
Оралда жалған вакцинация паспортын жасауға тапсырыс берген кімдер?
Фото: yandex.kz
129
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, жалған вакцинация паспорттарын жасау дерегі бойынша, еліміздің 13 өңірінде 26 сотқа дейінгі тергеу басталды. 86 адам қылмыстық жауапқа тартылады.

Қаржылық мониторингі агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті Орал қаласындағы емханалардың бірінің қызметкерімен вакцинация паспорттарын қолдан жасағанын анықтады. Медицина қызметкері ақшалай сыйақы үшін алдын ала келісіп, Денсаулық сақтау министрлігінің «Вакцинация» журналына көрінеу жалған мәліметтер енгізген. Осылайша, 15-тен астам адамға жалған вакцинация паспорты берілді. Тапсырыс бергендер бұл мектепке дейінгі ұйымдардың және сауда саласының қызметкерлері екені анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.