iPhone 13: болжамдар мен жаңашылдықтар
iPhone 13: болжамдар мен жаңашылдықтар
iPhone 13 © macrumors.com
Жыл басынан бері iPhone-ның жаңа моделіне қатысты түрлі болжам жасалып келеді. Оның алдыңғы буындарынан айырмашылығы мен артықшылықтары туралы мәлімет көп. Олардың арасында сарапшылардың пікірімен қоса, Apple компаниясына жұмыс істейтін адамдар таратқан ақпараттар да бар. 

Дизайн

Корпусының қалыңдығы 7,4 мм.-ден 7,57 мм.-ге дейін ұлғаяды.  Камера линзалары диагоналынан түседі. iPhone 13 пен iPhone 13 mini-дегі артқы камераның линзалары орналасқан блоктың да көлемі сәл үлкейеді.  [caption id="attachment_159753" align="alignnone" width="1200"] width= iPhone 13 © techmaniacs.gr[/caption] Объективтердің көлемі ұлғаяды. Егер iPhone 12-нің объективі 1,5—1,7 мм. құраса, iPhone 13 пен iPhone 13 mini-дің объективі 2,51 мм.-ге дейін, ал iPhone 13 Pro-нікі 3,65 мм.-ге дейін үлкейеді.  Алайда камера орналасқан блок та ұлғайған модельдерде объективтер сыртқа қарай аса қатты шығып тұрмайтын болады деген болжам бар.  [caption id="attachment_159761" align="alignnone" width="1200"] width= iPhone 12 Pro мен iPhone 13 Pro камералары © macrumors.com[/caption] Клавиштер сәл төмен түседі, яғни бұғаттау тетігі, дыбысты күшейтіп, азайтатын және дыбысты өшіретін клавиштер сәл төмен орналасатын болады.  Жаңа түс. iPhone 13 бұл жолы «қара графит» және «қола» түсті ұнататын қауымды бір қуантпақ.   [caption id="attachment_159754" align="alignnone" width="1200"] width= iPhone 13 © macrumors.com[/caption]

Дисплей

«Кекілдің» көлемі кішірейеді. Алдыңғы камера орналасқан жері сәл өзгеріп, көлемі кішірейетін түрі бар. Демек, соның арқасында экранның пайдалы аумағы аз да болса ұлғаяды деген сөз.  [caption id="attachment_159762" align="alignnone" width="1200"] width= iPhone 13-тің «кекілі» кішірейеді © macrumors.com[/caption] Always-on-display экран бұғатталған күйде де істеп тұрады, яғни Apple Watch-та қолданылатын софтты смартфонның бетінен көруіміз мүмкін.  [caption id="attachment_159757" align="alignnone" width="1536"] width= iPhone 13 © macrumors.com[/caption]

Процессор мен коммуникациялық мүмкіндіктер

5 нанометрлік жаңа буынды A15 процессоры смартфонның жұмыс өнімділігін арттырмақ.  5G жылдамдығы күшейеді. Qualcomm Snapdragon X60 деп аталатын үшінші буынды 5G модемінің арқасында мәліметтерді жинау жылдамдығы артады. Сонымен қатар ол смартфонның аккумуляторына аса қатты салмақ салмайды.  [caption id="attachment_159758" align="alignnone" width="1200"] width= iPhone 13 © macrumors.com[/caption] mmWave 5G диапазонында жұмыс істей алатын iPhone-дар бұған дейін тек АҚШ аймағында қызмет ететін. Енді айфон қолданушылары 5G байланысты өзге елдерде де қолдана алатын күн туады. 

Аккумулятор және қуаттау

Батарея көлемі ұлғаяды. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, iPhone 13 Pro Max-тың аккумуляторы сағатына 4352 мА дейін барады. iPhone 13 пен iPhone 13 Pro-нікі 3095 мА, ал iPhone 13 mini-дікі 2406 мА дейін барады. Сондай-ақ процессордың энергияны тұтынуы 15-20 процентке азаяды.  Жылдам қуат алады. iPhone 12 қуаттау үшін 20 Ватқа дейінгі қуат беру блогын қолдануға болады. Ал iPhone 13-ті 25 Ваттық қуат беру блогымен қуаттауға болады. Демек, 100 пайыздық қуаттауға шамамен жарты сағат уақыт жұмсалатын болады. 

Камераға қатысты жаңашылдықтар 

Кең бұрышты камерадағы матрицалық стабилизация iPhone 13-тің барлық моделінде бірдей болады. Соның арқасында жарық аз жерде сурет не бейнеге еш қиналмай түсіресіз, қолдың дірілі де еш кедергі келтірмейді.  Сонымен қатар камераның сенсорлық қасиеттері жетіле түседі, яғни жарық өткізгіштігі ұлғайып, пикселі көбейеді. Сөйтіп, сурет пен бейненің сапасы артады.  [caption id="attachment_159760" align="alignnone" width="800"] width= iPhone 13 © macrumors.com[/caption] «Кинематографиялық бейнережим». Камераның алдында сөйлеп тұрған адамның артқы фоны бұлыңғырланады. Бұрын-соңды мұндай софт («портрет» режимі) тек сурет түсіру режимінде ғана болатын.  Астрофотография режимі. Аспан денелерін, жұлдыздарды суретке түсірген кезде картина сапалы шығатын болады.  Face ID жетілдіріледі, яғни смартфон иесін бетпердемен болса да, көзілдірігі буланып кетсе де танитын болады.  [caption id="attachment_159763" align="alignnone" width="1200"] width= iPhone 13 © macrumors.com[/caption] Ішкі жадысы 1 терабайтқа дейін барады. Себебі смартфонның бейнематериал түсіру қасиеті күрделеніп, бейнефайлдардың көлемі ұлғая түспек.  Қысқасы, ұзынқұлақтардан жеткен осы бір мәліметтер расталып жатса, iPhone 12-дегі кілтипандар жойылып, қолданушылардың тілегі ескерілетін түрі бар. Сарапшылардың айтуынша, iPhone 13-тің тұсаукесері қыркүйектің 14-інде өтеді.  P.S.: бағасына келер болсақ, тағы да сол сарапшылардың болжамынша, жаңа айфондардың құны былтыр сатылымға алғаш шыққан iPhone 12-ден қымбат болмауы тиіс.