Лифтідегі мониторды сындырып кеткен тұрғын жазаланды

Лифтідегі мониторды сындырып кеткен тұрғын жазаланды

Нұр-Сұлтандағы "Гранд Астана" тұрғын үй кешенінің лифтінде ер адам мониторды ұрып, сындырып тастады, - деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Оқиға видеосы бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде таралды.

"Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысына сәйкес, құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды. Нұр-Сұлтан полиция бөлімі тұрғындарды ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік барын ескертеді", - деді елорда полициясының баспасөз қызметі өкілі.