Санитарлық талап тексерілді

Санитарлық талап тексерілді

«Nur Otan» партиясының Қы­зылорда облыстық және қалалық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері өңірдегі орта мектептерде са­нитарлық талаптардың орын­далуы бойынша мони­то­ринг жүргізді.

Жаңа оқу жылында білім беру қай­та дәстүрлі форматқа ауысты. Яғ­ни, оқушылар онлайн емес, мек­тепке қатынап оқиды. Негізгі та­лап ретінде барлық мектептерде са­нитарлық-эпидемиологиялық, ги­гиеналық талаптар қатаң сақ­талуы басты назарға алынып отыр. Атап айтқанда, мұғалімдер мен оқушылардың бетперде та­ғып, сыныптарды желдетіп, жиі та­­­­зартып отыру қатаң бақылауға  алынбақ. Қазір Қызылорда қа­ла­сындағы бар­лық мектептердің  кіребе­рі­сінде балалардың дене темпера­тура­сы өлшенеді. Қызуы бар оқу­­­­шылар үйіне қайтарылады. Ата-аналарға мектептің ішіне кіру­ге тыйым салынып отыр. Сондай-ақ «Nur Otan» пар­тия­сы Қызылорда қалалық фи­лиа­лының «Ұлт денсаулығы мә­се­лелері және білім мен ғылымды да­мыту жөніндегі» кеңес  тө­райы­мы Гүлшат Мұсаева мен облыстық «Jas Otan» ЖҚ мүшелері бірлесіп сту­денттердің өмір сүру дең­гейі­нің сапасын арттыру, әлеуметтік-тұр­мыстық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында қаладағы кол­ледж­дер, жоғары оқу орындары­ның жатақханаларына бақылау жүр­гізді. Жатақханалар мен онда тұра­тын студенттер саны, сту­дент­­тердің тұрғын үй алаңымен нор­мативтік қамтамасыз етілуі, тұр­мыстық, компьютерлік тех­ни­камен, демалыс орындарымен, же­ке тұрмыстық жабдықтар жет­кізі­ліп, санитарлық нормаларды сақ­тау бойынша талдау жұмыс­тары өтті. Тексеріс барысында көптеген жа­тақхананың санитарлық нор­ма­ға, тұрмыстық жағдайға сәйкес кел­меу фактілері анықталды. Анық­талған фактілер нәтижесінде оқу орындарының басшыларына ескерту айтылып, кемшіліктер бойын­ша ұсыныс жеткізілді. Жа­тақ­ханалардың сапасын қадағалау жұ­мыстары алдағы уақытта да жал­ғаспақ.

                                                                     М.ЖАЛҒАСҰЛЫ