Азаматтарды онлайн қабылдады

Азаматтарды онлайн қабылдады

«Nur Otan» партиясы Ба­тыс Қазақстан облыстық фи­лиалының төрағасы, аймақ бас­шысы Ғали Есқалиев аза­­­мат­тарды жеке мәселелері бойын­ша онлайн форматта қа­былдады.

Қабылдау барысында өңір тұр­ғындары кәсіпкерлік, тұрғын үй, жер телімдерін беру мен құ­қық­тық сипаттағы мәселелер бойын­ша сауалдарын қойды. Об­лыс әкіміне Орал қаласының тұр­ғыны қаладағы жер телімдерін аукционға шығарудан бас тарту туралы өтінішпен жүгінді. Өтініш беру­ші аталған аумақтарда нау­бай­хана ашу және тамақ өнімдерін сату үшін ғимараттар салуды жос­парлап отырғанын айтты. Шағым білдірушіге кондоминиуммен ке­лісім бойынша Зачаган кентінің аулаларында жер учаскелерін жалға алу ұсынылды. Өз кезегінде облыс әкімі қала тұрғынына осы ауданда салынып жатқан үйлер мен коммерциялық алаңдар ту­ра­лы ақпаратты толық беруді тап­сырды. Бұдан кейін тұрғын үйді жеке­ше­лендіруге қатысты өтініш қа­рал­ды. Отбасының ауыр тұрмыс жағ­дайына байланысты мүм­кін­дігі шектеулі жанға уақытша пә­тер ұсынылды. Ғали Есқалиев от­­­басы өкілдері пәтерде тұруды жал­ғастыра алатынын және кезек кел­ген кезде оны жекешелендіруге мүм­кіндігі барын атап өтті. Пар­тия­ның облыстық филиалының төрағасы әр мәселені егжей-тег­жейлі қарап, қала басшылығы мен басқармаларға заңнамаға жә­не қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес өтініш жол­да­ғандарға жан-жақты қолдау көр­сетуді тапсырды. Бұдан бөлек, «Nur Otan» пар­тия­сы БҚО филиалы жанындағы Аграрлық секторды дамыту жө­нін­дегі қоғамдық кеңестің онлайн оты­рысы өтті. Күн тәртібінде екі мә­селе қаралды. Біріншісі – Ба­тыс Қазақстан облысына қарасты елді мекендердің мал азығымен қам­­тылуы. Екіншісі – Жаңақала ау­­данында ауыл шаруашылығын жүр­­гізудегі мәселелер жайында. Бірінші мәселе бойынша «Ба­тыс Қазақстан облысы елді ме­кен­­дерінің мал азығымен қам­тылуы» туралы облыстық ауыл шаруа­­шылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин баян­дады. Ал «Жаңақала ауда­нын­­да ауыл шаруашылығын жүр­гізудегі  мәселелер» туралы баян­дау үшін Едіге Текебаевқа сөз бе­ріл­­ді. Екі тұлға да алдағы ке­зеңге дайындықтың жақсы дең­гей­де екенін айтты. Кеңес мүше­лері аталған мәселенің өзектілігін атап өтіп, жиынға қатысушы­лар­дан өз ұсынысын білдіруді сұрады. Жоғарыда аталған мәселелерге сәй­кес бірнеше ұсыныс енгізілді. Со­­ның ішінде БҚО ауыл шаруа­шы­лығы басқармасына құрғақ­шы­лықтан зардап шеккен облыс аудандарына қатысты ірі жем мен астық жемінің тапшылығын анық­­­тап, мал азығын субсидия­лау­­ға және жеке тұрғындарға көр­­­шілес аудандардан шөп тасы­мал­­дауға кеткен шығынның құ­жат­­тарына сәйкес бюджет есе­бі­нен ұйымдастыруға ықпал ету тап­сырылды. Сондай-ақ Жаңа­қала ауданы бойынша жергілікті жерлерде сала мамандарымен бір­лесіп малдың қыстауға қа­бі­лет­тілігін анықтау, құрғақ­шы­лық­тан неғұрлым зардап шеккен ауыл­­дар мен елді мекендер тұр­ғын­­дары арасында азық сатып алу­ды, жеткізуді, таратуды және бел­гіленген бағамен өткізуді ба­қы­лауға волонтерлік ұйымдарды тарту керегі сөз болды. Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың бас­шыларын ірі шаруашы­лық­тармен және агрофирмалармен, бас­қа да ірі жемшөп дайындау жә­не оларды зардап шеккен ауыл­­дарға жөнелту жөнінде келі­сім­шарт жасасу үшін басқа өңір­лерге жіберіп, Жаңақала ауданы бойынша мал азығын дайындау маусымының өту барысын қада­ғалау бойынша штаб құрып, же­дел іс-әрекет жасау қажеті айты­лып, ұсыныс енгізілді. Жиынды қорыта келе, кеңес мүшелері бар­лық аталған ұсыныстың пар­тия бақылауында болатынын айт­ты.

Мадияр ТӨЛЕУ