QazVac штамы өзгермек
QazVac штамы өзгермек

Қазақстандық QazVac вакцинасы үшінші кезең бойынша клиникалық зерттеуден сәтті өтті. Сондай-ақ оның штамдық құрамы өзгереді.

Бұл туралы ОКҚ-де өткен бри­фингте Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, ко­ронавирусқа қарсы QazVac қазақ­стандық вакцинаның авторы Күнсұлу Закарья хабарлады. Оның айтуынша, шілде айында үшін­ші кезең бойынша өткен бар­лық клиникалық зерттеу жұмы­сы­на 3 мың адам қатысқан. Бүгінде қорытынды есеп Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сарап­тау ұлттық орталығының сарап­тауынан өтіп жатыр. Әйтсе де, ви­русолог мамандар алғашқы отандық вакцинаны клиникалық зерттеу сәтті жүргізілді деп отыр. Зерттеу толық аяқталған соң QazVac туралы ғылыми мақалалар жарық көрмек. Сондай-ақ осы жиында корона­вирусқа қарсы отан­дық QazVac вакцинасының құрамы өзгергені туралы да хабар­ланды. «Біздің ел аумағына дельта штамы келген сәттен бастап Үкі­меттің тапсырмасына сәйкес оны зерттеуге кірістік. Клиникаға дейін зерттеу жануарларға жүр­гізілді. QazVac-тың штамдық құ­ра­мын өзгерту арқылы жануар­ларға жүргізілген зерттеу жоғары нәтиже көрсетті. Бүгінде Ден­саулық сақтау министрлігінің ресми рұқсатын күтіп отырмыз. Яғни, QazVac құрамындағы Ухань штамын Дельта штамына ауыс­тыратын боламыз. Зерттеу нәти­жесімен танысып, министрлік рұқсат берген жағдайда QazVac-тың келесі партиясы жаңа құрам­мен дайындалады», – деді Күнсұлу Закарья. Ғалымның айтуынша, QazVac құрамындағы штамды ауыстыру және оны жануарларға сынау жұмысына 2 ай жұмсалған.

Н.ҚОСАЙ