7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: astana.gov.kz
142
оқылды

Бүгін батыс, оңтүстік-батыс, солтүстік-батыс және солтүстікте жаңбыр жауады.

Қазақстанның қалған аумағында антициклонның әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік пен оңтүстік-батыста жел күшейеді, солтүстік-батысында тұман түседі. Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, батысы мен орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай облысының батысы мен солтүстік-батысында найзағай, тұман күтіледі. Күндіз Ақмола, Қызылорда облыстарының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы облысында қатты ыстық болады. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының батыс жартысында, Ақмола облысының оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.