Кәсіпкерлердің құқығын бұзғандар жазаланды
Кәсіпкерлердің құқығын бұзғандар жазаланды
228
оқылды

Алматы облыстық кә­сіпкерлер палатасы ди­рек­торының құқықтық мә­селелер жөніндегі орын­басары — кәсіпкер­лердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ­тың мүшесі Қанат Қаб­диевтің айтуынша, өңірде кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз кедергі келтіретін шенеуніктер баршылық. Облыста кәсіпкерлердің құқығын бұзғаны үшін осындай 15 лауазымды тұлға тәртіптік жауап­кер­шілікке тартылыпты.

Жыл басынан бері «Атаме­кен» және прокуратура орган­дары өкіл­дерінен жасақталған биз­нестің құқықтарын қорғау жө­ніндегі мобильді топқа кәсіп ие­лерінен 65 өтініш түскен. Оларда көрсетілген деректер бо­йынша анықталған заңбұзу­шы­лықтар­ды жою туралы 26 ұсы­ныс жаса­лып, алты наразылық кел­тірілген. Сондай-ақ жедел-із­дестіру іс-шаралары жүзеге асы­рылған. Биыл 4 қыркүйектен бастап «Прокуратура туралы» заңға енгізілген түзетулер күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, про­ку­рорларға кәсіпкерлердің ісіне мемлекеттік органдар тарапынан араласуға қатысты деректер бо­йынша өтініштерін қарау құ­зыреті берілді. Бұрындары мұн­дай өтініштер уәкілетті орган­дарға жіберілетін. Ендігі жерде проку­рорлар бизнес субъектіле­рінің ша­ғымдарына қатысты жедел әре­кет етіп, тексерулер жүр­гізеді. Қа­жетті ақпаратты өз­дері белгі­леген мерзімде сұра­тады және түсініктеме алу үшін адамдарды шақыра алады. Бұ­ларға қоса про­курорлар шот­тарға, мүлікті пайда­лануға негіз­сіз тыйым салу, қыз­метін тоқтата тұру, жұмысқа қа­тысты уақытша және өзге де заң­сыз салынған шектеу және тыйым салу сипа­тындағы шара­лардың күшін дереу жоя алады. Мұндай деректер анықталған кезде прокурор олардың күшін жою туралы қаулы шығарады және қаулыны орындауға мін­детті болады. Қаулыны орында­мағаны үшін әкімшілік жауап­ты­лық қа­растырылған (ӘҚБтК-нің 664-1-бабы – 30 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады). «Алматы облысының Кәсіп­керлер палатасы мен прокура­тура­сының бірлескен жұмысы барысында 10 заңсыз актінің күші жойылды, 155 заңсыз тек­серу және бақылау анықталды, сон­дай-ақ 24 заңсыз тексеру жойыл­ды. Кәсіпкерлердің құ­қық­тарын бұзу бойынша 15 ла­уазымды тұлға тәртіптік жа­уап­кершілікке тар­тылды, 20 бизнес субъектісін әкім­шілік жауапкер­шілікке заң­сыз тартуға жол бе­ріл­­меді және жалпы сомасы 125 000 тең­ге болатын 125 әкім­шілік қаулы жойылды. Жалпы, өңірдің 8 мың­нан астам кәсіп­керлік субъек­тілерінің құқық­тары қорғалды», – деп атап өтті «Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Қанат Қабдиев. Облыс прокуратурасы жүр­гіз­ген жедел іс-шаралар нәти­жесінде 90 кәсіпкерден 17 млн теңге кө­лемінде пара алған тек­серу комис­сиясының қызмет­керлері кезінде ұсталды. Сот үкі­мімен лауазымды тұлғалар кінәлі деп танылды. Сондай-ақ 717 жекеменшік бала­бақшаның жан басына шаққан­дағы қаржы­ландыру мөлшері сәйкестен­дірілді. Мобильдік топ­тың кү­шімен мемлекеттік са­тып алудың 23 қатысушысына тапсырыс берушілер тарапынан заңсыз қайтарылмаған кепілдік жарна­лар өндірілді. Санитарлық дәрі­герлердің заңсыз қаулылары жойылып, қайта қаралды. «Кәсіпкерлер жүгінген соң, аудандар мен қалалардағы сани­тарлық дәрігерлердің қаулылары талқыланған-ды. Соның нәти­жесінде мобильді топ санитарлық дәрігерлердің бизнес құқығын бұзатын төрт карантин бұйрығын жойып, өзгертті. Тағы 20 шағын кәсіпкерлік субъектінің құқығын қорғап, полиция қызметкерлері тарапынан карантин шектеу­лерінің сақталуын заңсыз тексе­ру деректерін анықтадық», – дейді Алматы облысы проку­рорының орынбасары Марат Әбдірахманов. Алакөл ауданының білім беру ұйымдарында асханалар мен буфеттерді жалға алатын кәсіп­керлердің ұжымдық өтініші де бизнес пайдасына шешілді. Бел­гілі болғандай, Ұлттық эко­номика министрінің пандемия кезінде мемлекеттік жылжы­май­тын мүлік объектісінің жалдау ақысын есептемеу туралы бұй­рығына қарамастан, жергілікті атқарушы органдар 21 кәсіп­керден төлем алыпты. Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша артық төлен­ген қара­жат сомасы қосымша келісіммен 2021 жылға есептелді. Бизнестің жүйелі пробле­малық мәселелері кәсіпкерлік өкіл­дері мен уәкілетті мемле­кеттік органдардың қатысуымен «Атамекен» ӨКП жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес алаңында белсенді қара­лып, шешіліп жатыр. Прокуратураның «Ата­ме­кен­мен» бірлескен жұмысының нә­тижесінде бизнестің үш проб­лемасы жүйелі мәселелер тізі­лі­мінен алыныпты. Қазір екі өңір­лік және бір республикалық проб­лемалық мәселе қалған. Инфек­циялық және провизор­лық ста­ционарлардың жұмысы­на тар­тылған медицина қызмет­керлерін тасымалдау және ор­наластыру бойынша көрсетілген қызметтер үшін кәсіпкерлік субъектілеріне төлем жасауға қа­тысты мәселе кеңес отыры­сында қарастырылып, денсаулық сақтау мекемелерінің бизнес субъектілері алдындағы бере­ше­гін өтеу пысық­талды. Про­курор­лық қадағалау актісі бо­йынша бизнес субъекті­леріне тиісті қа­ражат толық кө­лемде төленді, кінәлі адамдарға қатысты жауап­кершілік туралы мәселені тәр­тіптік комиссия қарайды.

Болат АБАҒАН, Алматы облысы