Бұл туралы Премьер-министр Үкімет отырысында айтты.
Асқар Маминнің мәлімдеуінше, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бағаны тұрақтандыру үшін арнайы жобаны жүзеге асырады.«Үкімет Инфляцияға қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар кешенін әзірледі. Біріншіден, азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша нақты шешім қабылданады. Жеңілдікпен несие пен субсидия беру мәселесі шешіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сатушылар үшін жалдау ақысы төмендетіледі», – деді Асқар Мамин.
Бұған дейін Президент Үкіметке азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша тапсырма берген болатын.