LV Force қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам ұсталды
LV Force қаржы пирамидасын ұйымдастырған адам ұсталды
Фото: yandex.kz
109
оқылды

Агенттіктің хабарлауынша, бүгінгі таңда еліміздің 8 өңірінде қаржы пирамидасының филиалдары жабылып, бас ұйымдастырушы ұсталды.

Жаңа салымшылардың жарналары есебінен заңсыз байытудың қылмыстық схемасына азаматтар үгіт-насихат және мессенджерлер мен электронды пошталар арқылы хабарламалар жіберу арқылы тартылған. Агенттік азаматтарды абай болуға және қысқа мерзімде үстеме пайда алудың күмәнді ұсыныстан бас тартуға шақырады.

«LV Force қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен болса, Ақмола облысы бойынша ЭТД телефонына хабарласуыңызды сұраймыз +7 7162 25 62 84, +7 747 666 25 37. Қалалардың басқа аймақтарының тұрғындары тұрғылықты жері бойынша ҚМА аумақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменттеріне хабарласа алады» делінген агенттік таратқан хабарламада.