Оның айтуынша, мақсат деструктивті топтардың 70 пайызын толығымен қадағалау. Осы бағытта қарқынды жұмыс атқарылып отыр.
«Біз әлеуметтік желілерде деструктивті топтарға тіркелген 84 мыңнан астам отандасымызды шығарып алдық. Бұл – үлкен көрсеткіш. Бұл топтарға білместіктен кіріп кеткендер де бар. Жылдан-жылға деструктивті материалдар саны артып келеді. Биыл осы уақытқа дейін 80 мыңнан астам материалдың көзін жойдық. 300-ден астамын бұғаттадық, – деді Ержан Нүкежанов.