Павлодарда келінінен таяқ жеген қария полициядан араша сұрады

Павлодарда келінінен таяқ жеген қария полициядан араша сұрады

Оның 45 жастағы келіні алкоголь ішіп, ұрыс шығарып, кейін зейнеткердің бетінен ұрғаны туралы шағымданды.

Ұрып-соққаны үшін 45 жастағы тұрғын ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары отбасындағы кикілжіңге байланысты 2181 адамды әкімшілік жауапқа тартты.