Атырау облысында саябақта баланы ток соқты
Атырау облысында саябақта баланы ток соқты
©sputnik.kz
169
оқылды

Атырау облысы Құрманғазы ауданында 11 жастағы баланы саябақта ток соқты.

Туыстарының айтуынша, оқиға 2 қыркүйек күні кешкі сағат тоғыз кезінде болған. Саябақта серуендеп жүрген бала көше шамы бағаналарының бірін қолмен ұстаған, сол кезде оны ток соққан. Салдарынан бала жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты.
Аудандық аурухана хирургі Нұрғиса Шолпановтың айтуынша, баланың жағдайы ауыр.

"Ол үш күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Денесінде діріл, сонымен қатар тыныс алу жеткіліксіздігі мен жүрек соғысында ақау болды. Реаниматологтар оған дер кезінде қажетті көмек көрсетті. Қазір оның жағдай біртіндеп оңалып келеді. Ток соққан кезде, ең алдымен жүрек-қан тамырлары жүйесі зардап шегеді. Қазір оған қайтадан ЭКГ жасаймыз. Нәтижесі облыс мамандарына жолданады", - деп түсіндірді ол.

Құрманғазы ауданының орталық саябағы тек биыл ғана әкімдік балансына берілген. Қазіргі күні жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккен баланың ата-анасы жергілікті әкімдіктен бұл мәселенің орын алу себебін түсіндіруді талап етіп отыр. Олар әзірге полицияға жүгінбеген.