Жігер Ауыпбаев әнімен желіні шулатқан қойшы баланы жайлауынан алып кетті

Жігер Ауыпбаев әнімен желіні шулатқан қойшы баланы жайлауынан алып кетті

Әнші Жігер Ауыпбаев желіде "Ауылым" әнімен танымал болған, жайлауда қой бағып жүрген қойшы баланың әкесінің батасын алып, қалаға жол тартты.

Қойшы баланың әкесі: "Бірнеше адам хабарласқан болатын. Ойлана келе, Жігер айналайын өзіңе үміт артып, саған ертіп жіберуді жөн көрдік" – дейді. Видеода көрсетілгендей әнші жайлаудан алып кетеді.

"Қойшы баланы жайлауынан алып кеттік!
Бұлақ көрсең көзін аш!
Толық нұсқасы ертең кешкі сағат 19:00 де YouTube парақшамызға шығады" – деп жазды Жігер Ауыпбаев желідегі парақшасында.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ???? (@jiger_auypbaev_official)