Ресейлік ғалымдар аз уақыт ішінде адам ағзасында коронавирустың бар-жоғын анықтайтын құрылғы ойлап тапқан.
ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметінше, Федералды биомедициналық агенттіктің мамандары SARS-CoV-2 мутациясын жылдам бақылаудың жолын тапты. Яғни, коронавирустың маңызды қасиеттеріне жауап беретін геномның тек бір бөлігін "оқуды" ұсынады.
COVID-19 вирусының экспресс-диагностикасын зерттеу "ЛЭТИ" Санкт-Петербург мемлекеттік электротехникалық университетінің микротехнология және диагностика инженерлік орталығында да жүргізілуде. Егер сынақтар сәтті өтсе, бұл Ресейдегі алғашқы тест жүйесі болады. Ол патогенді небары 10 минут ішінде анықтай алады.
Сондай-ақ Чили Республикасының үкіметі қытайлық Sinovac шығарған коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 6 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат берді. Шешімді 3 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер тобын вакциналау қорытындысын зерттеген сарапшылар комиссиясы қабылдады. Сарапшылар жүргізілген зерттеулер вакцинадан иммундық реакцияның жақсы нәтижесін бергенін атап өтті.