Жамбыл облысында Mercedes-Benz жүргізушісі бір үйір жылқыны қағып кетті.
Облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, жол апаты 5 қыркүйек кешке "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тасжолының 341 шақырымында болды. Жантүршігерлік кадрлар әлеуметтік желіде жарияланды.
Тараздың 59 жастағы тұрғыны қалаға қарай кетіп бара жатқанда бір үйір жылқыға соғылған.
"Меркі ауылының 35 жастағы тұрғыны жолды қысқарту үшін малды жерасты өткелі арқылы емес, тасжолдың үстімен айдап өткен. Жол апаты салдарынан 12 жылқы өлді", - деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.
Жарақат алған жүргізуші Меркі аудандық ауруханасының дәрігерлеріне қаралды.
Қазір бақташыға қатысты әкімшілік жаза тағайындалуда.