Қызылордада шенеунік 50 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Қызылордада шенеунік 50 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
©journal.open-broker.ru

Бас экологиялық инспектор – Қызылорда облысы экология департаменті басшысының орынбасары парамен ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

"Ол бұған дейін келісілген 100 миллион теңгеден 50 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінген. Лауазым иесі ұсталып, Шымкент қаласы ІІД УҰИ қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар оның алдында қызмет атқарған Бас экологиялық инспектор – Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Аптикаликов 11 жылға бас бостандығынан айырылған. Үкімді Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы шығарған.
Ол биылғы ақпанда 30 миллион теңге сомасында пара алғаны үшін ұсталған.