22 жастағы ұры Алматыдағы бейнекамераның объективіне түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оңай ақшаны жақсы көретін жігіт 22 жаста. Белгілі болғандай, ол шаһарға Түркістан облысынан келген. https://youtu.be/4-w37BGVA9Q
– Жергілікті тұрғын қылмыскердің құрбаны болды. Қараңғыда ұры қыздың соңынан еріп жүрді, қолайлы сәтті таңдап, айналасында ешкім жоқ кезде қызға шабуыл жасап, ұялы телефонын тартып алды. Абырой болғанда, жәбірленуші зардап шеккен жоқ. Оның сөздерімен қылмыскердің болжамды сұлбасын құрдық, бейнебақылау жүйелеріне жүгіндік. Қарасай батыр көшесіне орнатылған камералардың бірінде ұрлықшы өзінің жәбірленушісінің соңынан ерген сәті түсірілген. Бұл деректер тонау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен тергелген қылмыстық іс материалдарына да қоса тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.